KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
444.14 477.05 4.85

Жаңаөзендегі оқиға кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған 4 ішкі істер қызметкеріне айып тағылды

29.02.2012, 18:00 154


Жаңаөзендегі оқиға кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған 4 ішкі істер қызметкеріне айып тағылды. Бұл туралы Бас прокуратура Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді.
«Полиция қызметкерлеріне қатысты 208 бап бойынша айып тағылды. Қол астындағы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін болдырмау шараларын қабылдамай, өзінің қызметтік міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін Маңғыстау облысы ІІБ бастығының орынбасары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамдардың өліміне алып келген, лауазымдық міндеттемелерін асыра пайдалана отырып қару қолданғаны үшін экстремизммен күрес бөлімінің бастығы, қатардағы оперативтік өкіл, және Жаңаөзен қаласы ҚІІБ бастығының орынбасары қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын, ҚР Бас прокуратурасы Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаев; Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлы; Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлаған еді.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив