С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік рәміздер мерекесінде жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында құттықтау акциясын өткізді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
Олар Өскеменнің саябақтарында флешмоб ұйымдастырып, тұрғындарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қаншалықты білетіндеріне қатысты викторина сауалдарын қойды.
Мерекелік шара өскемендіктердің еліміздің рәміздерін біліп қана қоймай, сонымен қатар оларды құрметтейтінін де көрсетті.
Сол күні университетте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің стенді ашылды.