KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Трамвайда өткен флешмоб

7.02.2013, 18:00 111


Кеше облыстық Достық үйі мен Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы Өскемен қалалық трамвай паркінің қатысуымен, №1 трамвайда «Достық» атты флешмоб акциясын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының берген мәліметіне сүйеніп.

Акцияға Облыстық Достық үйінің «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің «Ақниет» ансамблі, әзірбайжан этномәдени бірлестігінің «Азери» ансамблі, «Кругозор» жастар орталығы, сонымен бірге облыстық Достық үйінің қызметкерлері қатысты.

Трамвайда өткен флешмоб
Трамвайда өткен флешмоб
Трамвайда өткен флешмоб

«Ақниет» ансамблі Қазақстан композиторларының әндері мен халық әндерін шырқап жолаушыларды бір серпілтіп тастаса, «Азери» ансамблінің бишісі трамвайдың билеуге кедергі жасауына қарамастан лезгинка биін билеп, жолаушыларды да қоса билеуге шақырса, ал «Кругозор» орталығының жастары жолаушылардың қатысуымен әртүрлі қызықты ойындар жүргізді. Жолаушылар шығармашылық ұжымдардың өнеріне қошемет көрсетіп, қолдарын аямай соқты.

Шара барысында «Достық үйінің тарихы», «ЕХРО-2017» тақырыптары бойынша жолаушылармен викторина ойыны жүргізілді. Сұрақтарға белсенді жауап берген ойыншыларға шағын естелік сыйлықтар таратылды. Өткізіліп жатқан акцияны жолаушылар жылы қабылдап, таңданыстарын жасырмады, осындай акциялардың жиі өткізіліп тұруына тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізіп жатты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив