KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
491.71 529.97 5.05

ШҚ облысында теріс діни нанымдарды ұстанатын ағымның 86 мүшесі тіркелген

29.05.2013, 18:00 149


Қазақстан қоғамы үшін қауіпті деп танылған діни ағымдардың бірі – «Таблиғи жамағат» атты діни бірлестік. Өңірімізде қатаң тәртіп пен көшбасшыға сөзсіз бағыну қағидаларын ұстанатын ағымның 86 мүшесі тіркелген. Бұл жайында облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Ғалым Оразбаев ақпарат берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

1926 жылы Үндістанда негізі қаланған бұл ұйым исламның ізгі атын жамылып, нысанаға алынған елдің конституциялық құрылымын бұзып, территориясын ыдыратып, «халифат» құруды көздейді. Ұйымның идеологиялық жұмысы шағын топтар арқылы «есіктен – есікке» қағидаты бойынша жүргізіледі. Өңірімізде қатаң тәртіп пен көшбасшыға сөзсіз бағыну қағидаларын ұстанатын ағымның 86 мүшесі тіркелген. Төрт және жеті күндік, кейде 40 күндік уағыздармен «ілім» тарататын ұйымға кіргендердің тең жартысын 15–40 жас аралығындағы облыс тұрғындары құрап отыр.

Есепке алынғандардың үшеуі – әйел, екеуі Ресей азаматы болса, 34 пайызының тұрақты жұмыстары жоқ. Тек 14 пайызының ғана жоғары білімдері бар. Ғалым Оразбаев есепке алынғандармен алдын алу шараларын жүргізудің нәтижесінде екі адам дәстүрлі емес діни идеядан бас тартқанын айтады.

2011-2012 жылдары бұл ағымның миссионерлік топтары белсенді әрекет еткен. Тіпті, Оман мен Кениядан келген өкілдер де болған екен. Ал 2013 жылдың қаңтарынан бері үш топқа бөлінген 9 миссионер аталған ағымды аудандарда тарату үшін облыс аумағына өткен.

– Үш топтың бірі Қырғыз елінен келгені анықталды. Олар көші-қон полициясының тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аума-ғынан аластатылды, – дейді Ғалым Оразбаев.
Ұйымның жұмысына тыйым жарияланғаннан кейін бұл ағымның миссионерлік әрекеттері тіркелмеген.

"Аудан, қала басшылары бұл мәселеде де діни ақпараттық-насихат топтарының көмегін пайдаланулары керек. Жергілікті имамдар да бұл істе шет қалмағаны жөн. Өйткені, мешітке келушілердің қайсысы қандай наныммен келіп жүргенін әрекеттерінен анықтау оларға таңсық дүние емес. «Таблиғи жамағат» ағымының идеяларын ұстанушылардың 50 пайызы жас-тар болғаны алаңдайтындай жайт. Білім, жастар істері, ішкі саясат басқармалары бұл мәселемен бірлесіп айналыссын. Жан-жақтан бақылау болса, діни ахуал да тұрақты болады", – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті селекторлық отырысында .

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив