KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Республикалық Мағжан оқулары байқауынан жүлделі ІІІ орынмен оралды

27.05.2013, 18:00 159


Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Көкбай орта мектебінің 8-сынып оқушысы Арайлым Тұрғазина Петропавл қаласында ақиық ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың арасында өткен республикалық Мағжан оқуларында жүлделі ІІІ орынды иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жастардың ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын, ақын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау және дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында өткен мәдени шараға оқушылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды.

Байқауда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Көкбай орта мектебінің 8-сынып оқушысы Арайлым Тұрғазина «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив