KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 1,9 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Іргетасы қаланғанына бір ғасыр толған мектеп

26.05.2013, 18:00 228


Ұлан ауданы Мамай батыр ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің іргесі қаланғанына бір ғасыр толды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы білім ордасына арнайы келген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтауында облыс аумағында жүз жылдық тарихы бар мектептердің көп емес екенін, бір ғасыр ішінде мектептен қаншама еңбек, ғылым, қоғам қайраткерлері өніп шыққанын, осы жолда маңдай терін ая-маған ұстаздарға бас июге болатынын жеткізді.

Іргетасы қаланғанына бір ғасыр толған мектепМектеп бітірген түлектерге сәттілік тілеген соң облыс басшысы мерекелік кешке қатысты. Биыл білім ұясын 20 оқушы бітірсе, 2 оқушы – «Алтын белгіден» үміткерлер санатында. 235 оқушы білім алатын мектеп үшін бұл жақсы көрсеткіш.

Мектептің мерейтойына ауыл қариялары да келіпті. 1947 жылы осы мектептің табалдырығын аттаған Қамар Тәттіғожина балалары мен немерелерінен кейін, шөбересінің де аталған мектепте білім нәрімен сусындап жатқанын айтады. 1972–1992 жылдар аралығында мектеп тізгінін ұстаған Базан Мүрсәлімұлы мектеп түлектерінің қазіргі кезде еліміздің әр қиырында жемісті еңбек етіп жатқанын мақтанышпен атап өтті.

Кәсіпкер Марат Мұзапаров үздік оқушылардың Астана мен Абай ауданындағы тарихи өңірлерге саяхат жасауына, мек-тептегі спортзалдың құрылысына, шағын орталыққа қалтасынан қаржы бөліп, мектеп пен ауылға арналған екі кітаптың жарыққа шығуына қол ұшын созған екен. Облыс әкімі осы орайда мектеп түлектерімен тығыз жұмыс істеп, «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында игілікті істер атқаруға болатынын, өскен-өнген ортаны, туған топырақты ұмытпау қажеттігін атап өтті.

Думан Анаш

Суреттер Е.Орынбаевтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу