Семей қаласының 20 оқушысы Алматы қаласында өтетін «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына жолдама алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметіне сүйеніп.
Сайыстың іріктеу кезеңі 15-17 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы № 4 жалпы білім беретін орта мектеп базасында өткен болатын. Додаға қатысу үшін Семей қаласы бойынша орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 9,10,11 сыныптарынан 105 оқушы өтінім берген.
Іріктеу кезеңінен өткен олардың 20-сы енді Алматы қаласында өтетін «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына жолдама алды.