KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
442.05 474.14 4.74

Өскеменде бүкіл бір сыныптың оқушылары «Алтын белгіден» үміткер

23.05.2013, 18:00 115


Өскемен қаласындағы №3 мектепте бүкіл бір сыныптың оқушылары «Алтын белгіден» үміткер. Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған 64 бітіруші ҰБТ-дан босатылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, биыл өңірдегі білім ошақтарында «Алтын белгі» иегері атануға 431 оқушы үміткер болса, ерекше үлгідегі аттестасты алуға 233-і талаптануда.

Соңғы қоңырау мерекесі өтісімен-ақ мектеп бітіруші түлектер бірыңғай ұлттық тестілеуге кіріседі. Қорытынды аттестациядан өтуге облыстағы 11043 түлектің 8953-і ниет білдіріп отыр.

Биыл облыс аумағында ҰБТ 14 жерде жүргізіледі. Барлық тест тапсыру орындарында бейнебақылау қойылып, кейбірінде темір іздегіш құрал қолданылады.

ҰБТ уақыты – 3,5 сағат. Еліміздегі ұлттық жоғары оқу орындарына өтетін шекті балл – 70, медициналыққа – 55, қал-ғандарына – 50 балл деп бекітілген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив