KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,5 м/с, В
441.41 477.78 4.84

Шығыс Қазақстан үздіктеріне құрмет көрсетілді

19.06.2012, 18:00 112


Өскеменде «Алтын белгі» атағына лайықтылығын дәлелдеген қала мектептері түлектерінің Даңқ аллеясы ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Аллеяның бойында мектепті «Алтын белгімен» бітірген 19 түлектің үлкейтілген суреттері ілінген.

Биыл қаланың білім ордаларын 1784 түлек бітіріп шықты. Солардың 1320-сы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Байқау сынағының нәтижесі 79,19 орташа балды құрады. Ал 19 оқушы «Алтын белгіге» лайықтылығын дәлелдеді.

Атап айтар болсақ, біріңғай ұлттық тестілеуде №3 мектеп-гимназиясынан Ақбота Әбділдинова 122 балл жинаған. Бұл-биылғы түлектердің арасындағы ең үздік көрсеткіш. Сондай-ақ №43 мектеп-гимназиясының төрт бірдей бітіруші түлегі «Алтын белгі» иегері атанды Олар-Қағарман Аслан, Думан Кәтіренов, Аяжан Талғатова, Әсел Қуандықова. №16 орта мектептен Асыл Сабырова да үздік нәтижеге жетті. Ұлттық біріңғай тестілеуде 150 оқушы 100 және одан жоғары балл алды.

Сегіз оқушы халықаралық пәндер олимпиадасында және ғылыми жобаларын қорғауда жеңімпаз атанып, гранттарды иеленген.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив