KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Семейлік оқушы "Ең үздік спикер" атанды (+сурет)

21.05.2013, 18:00 166


Семейлік оқушылар Астана қаласында өткен «Astana open II» мектеп лигасына арналған халықаралық пікір-сайыс турнирінен жеңіспен оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында «Astana open II» мектеп лигасына арналған халықаралық пікір-сайыс турнирі өтті. Турнирдің ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының әкімшілігі және Астана пікір-сайыс бірлестігі. Интеллектуалды сайыс қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтті. Турнир барысында қатысушылар Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы тақырыбында сөз жарыстырды.

Семейлік оқушы "Ең үздік спикер" атанды (+сурет)
Семейлік оқушы "Ең үздік спикер" атанды (+сурет)
Семейлік оқушы "Ең үздік спикер" атанды (+сурет)
Семейлік оқушы "Ең үздік спикер" атанды (+сурет)

Семей қаласынан бұл додаға № 32 мектеп оқушылары Шыңғыс Айдынов, Әлібек Ұлықбеков, Олжас Фазылов, № 47 мектеп оқушылары Әйгерім Қуанышқызы, Оралбек Тоқтарбеков, № 16 мектеп оқушысы Айдана Махатова қатысты.

Турнир қорытындылары бойынша Шыңғыс Айдынов «Ең үздік спикер» аталымын жеңіп алып, Линкольн-Дуглас форматының чемпионы атанса, «Айқын» фракциясы (Шыңғыс Айдынов, Әлібек Ұлықбеков) және «Шын мен шың» фракциясы (Олжас Фазылов, Айдана Махатова) жартылай финалға шығып, өнер көрсетті.

Семейлік оқушыларды бастап барған «Пікір-сайыс клубтарының бірлестігі» Қоғамдық Қорының өкілі Елназ Қалиасқарова «Үздік жетекші» аталымын иегері атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив