KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Отбасылық құндылықтарды айғақтаған сурет байқауының жүлдегерлері анықталды

19.05.2013, 18:00 194


Халықаралық отбасы күніне орай, Өскемендегі Орталық мәдениет үйінде «Менің отбасым» атты кеш өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Отбасылық құндылықтарды айғақтаған сурет байқауының жүлдегерлері анықталдыҚалада өткен жылдан бері жұмыс істейтін «Халықаралық бақытты отбасы институты» облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп тұңғыш рет өткізген кеш бұдан біраз бұрын жарияланған отбасылық құндылықтарды айғақтаған сурет байқауының жүлдегерлерін атап, оларды бірнеше аталым бойынша марапаттады. Оған дейін Мәдениет сарайының кіреберісінде қаладағы №2 емхананың терапевт-дәрігері Меруерт Сүлейменова келушілердің қан қысымын өлшеп, керекті кеңестер беріп жатты.

Отбасылық құндылықтарды айғақтаған сурет байқауының жүлдегерлері анықталдыСалтанаттың ең бір әдемі жері дүйім елдің алдында жан-жүректері жарасып, жаңа өмірге қадам басқан Данияр Бахтияров пен Евгения Волочаеваның некелесу салтанаты еді. Оларға қалалық азаматтық хал актілерін жазу бөлімінің өкілі Раушан Нұрсадықова неке куәлігін табыстады.

Отбасылық құндылықтарды айғақтаған сурет байқауының жүлдегерлері анықталдыСондай-ақ, өскемендік Чакеловтар мен Бұлжановтар отбасылары сахна төріне көтерілген. Бір ұл мен үш қызына табиғатты аялау мен спортпен айналысудың, сондай-ақ, адамдармен сыйластықта болудың үлгісін көрсетіп келе жатқан Чакеловтар және 12 балалы Бұлжановтар нағыз ұйыған отбасы екенін көрдік. Әсіресе, Өскеменде тұратын Бұлжановтардың үш отбасының өзі ошарлы екен. Олар «Анашым, қартаймашы» әнін гитараға қосылып орындағанда зал іші дуылдата қол соғып, ерекше құрмет көрсетті. Содан кейін салтанатты ұйымдастырушылар бүкіл бала-шағасын ертіп, ел алдына шыққан К.Құдайбергенов пен Ж.Құмырсқанованың алтын тойларына орай сыйкәде жасауы да өрелі сөзбен, әдемі әнмен көмкерілді.

Әр бөлім ән-жырмен өрілген салтанат соңына қарай отбасылар туралы фотосуреттер байқауында алдан көрінген А.Никонов (І орын), С.Самодиева (ІІ орын) және Ж.Тоқсанбаева (ІІІ орын) «Ив Роше» мен «МИСС» орталықтарының арнайы сыйлықтарына ие болды.

Ғафура Сәрсенбайқызы

Суреттер Ғ.Сәбитовтікі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу