KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)

13.05.2013, 18:00 297


А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық ана күніне арналған мереке өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кітапхана жанындағы клуб мүшелері мен шет тілдері курстарының тыңдаушылары өз білімдері мен таланттарын көрсетіп, аналары мен әжелерін бір марқайтып тастады. Құттықтау мен сыйлықтардың астында қалған аналар сонымен қатар қызықты ойындар мен байқауларға қатысып, көңіл-күйлерін көтерді.

Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)
Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)
Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)

Кеш бағдарламасында аналарға арнап Access бағдарламасының курсанттары сахналық көрініс қойса, әр елден келген «қонақтар» тамаша ән-жырдан шашу шашты.

Көптеген отбасыларында ең жақын адамдарына арнап мерекелік дастархан жаю дәстүрге айналған. Сол себепті алма қосылып жасалған бәлішке байқау жарияланған болатын. Жас қыздар бар өнерлерін салғандарын байқаттты. Ал оларға төреші болған, әрине, аналары.

Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)
Халықаралық ана күніне арналған мереке (+сурет)

Ана күні мерекелік дастархан басында жалғасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив