KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Access Microscholarship Program бағдарламасының жолдамасын Өскемендік студенттер ұтып алды

18.09.2013, 18:00 211


Әлемді танып-білудің әртүрлі амалы бар. Солардың бірі - Access Microscholarship Program бағдарламасының студенті болып, саяхат жолдамасын ұтып алу. Мұндай сәттілік Өскемен қаласынан Александра Кисленкова мен Камилла Есімхановаға бұйырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Олар аталған бағдарлама аясында Қазақстан бойынша іріктелген қатысушылардың ондығына еніп, Бурсадағы (Түркия) “Будущие звезды” Халықаралық ағылшын тілі мектебінен оқу оқып, демалу мүмкіндігіне ие болды.

Access Microscholarship Program бағдарламасының жолдамасын Өскемендік студенттер ұтып алды"2010 жылдың желтоқсан айынан А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Америка мәдени орталығы English Access Microscholarship Program (EAMP) жобасын жүзеге асырып келеді. EAMP – 14-18 жас аралығындағы дарынды жастарды ағылшын тіліне базалық даярлайтын шәкіртақы бағдарламасы. Оқу сабақтан кейін, демалыс күндері және жазғы уақытта өткізілетін жедел оқыту курстары түрінде жүргізіледі. Бағдарлама қатысушыларға АҚШ-тың мәдени әрі тарихи құндылықтарымен танысуға жетелеп, туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету қабілеттерін арттырып, американдық білім беру бағдарламалары мен білім алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін арттырады,, дейді кітапхана қызметкері Жансая Ашкенова.

Биылғы жылы АҚШ Мемлекеттік Департаменті EAMP қатысушылары ішінен ағылшын тілінен жоғары нәтиже көрсеткендерге сыйақы ретінде Бурсадағы Халықаралық лагерьге жолдама табыс етіпті. Мұнда 6 елден EAMP түлектері қатысты.

Access Microscholarship Program бағдарламасының жолдамасын Өскемендік студенттер ұтып алдыБіздің студенттеріміз өскемендік Александра Кисленкова мен Камилла Есімханова Бурсада тек ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, “Nature Day”, “Bursa Trip”,“Closing festival” тәрізді мерекелерге, спорттық іс-шараларға қатысты.
Түрлі елдегі құрдастармен қарым-қатынас студенттеріміздің ағылшын тілін ары қарай дамыта түсті.

Барлық қатысушылар English Access Microscholarship Program жобасына белсенді қатысқандары үшін арнайы сертификаттармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив