«Астана» велокомандасының шабандозы Винченцо Нибали Италия жеріндегі көпкүндік веложарыстың жалпы есебінде топ басына шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
9-кезеңде итальян легионері мәре сызығын 10-болып кесті.
Осының арқасында қазақстандық клуб мүшесі «БМС» командасындағы Кадел Эванстен 29 секунд алға шығып, жалпы есептің бірінші орнына тұрақтады.
"Сонымен қатар «Астана» командасының тағы бір спортшысы Танел Кангерт жалпы есептің ондығына енді. Ал кезең жеңімпазы «Катюша» шабандозы Максим Бельков атанды. «Джиро д’Италия» жарысының алда әлі 12 кезеңі бар", - деп хабарлады телеарна тілшілері.