KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Опырылып түскен төбе ерлі-зайыптыларды басып қалды

7.05.2013, 18:00 129


Бүгін түнде Семей қаласындағы Аягөз көшесінде орналасқан жеке меншік үйлердің бірінің төбесі опырылып түсті. Бұл уақытта жатын бөлмеде 32 жастағы ер адам мен жұбайы ұйықтап жатқан болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Түнде болған бақытсыз оқиға тек таңертеңгісін белгілі болды. Көрші бөлмеде ұйықтап жатқан балалары оянғанда көрген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар бөлмені бір сағаттан астам уақыт аршыды, 15 шаршы метр аумақ құлаған. Өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың екеуі де алған жарақаттарынан көз жұмды.

Семей қалалық ТЖБ апаттың себебін анықтап үлгерді. «Төбеге шлакоблок шамадан тыс көп төселген », – дейді төтеншеліктер.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив