KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Жол-көлік апатынан екі адам қаза болды

21.10.2013, 18:00 176


Семей қаласында көлік астына түскен 26 жастағы келіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, ИЖ-2715 автокөлігінің жүргізушісі Өскемен көшесінің бойындағы «Гелиос» жағар-жанар май стансасының қасында таңғы сағат 6.30 минутта жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен келіншек сол жерде қайтыс болды.

Осы оқиғадан кейін үш сағат өтер-өтпесте Аягөз қаласында тағы бір әйел адам жол апатынан мерт болды. Вольво шетелдік көлігі Ақтамберді көшесінде жылдамдықты шамадан тыс асырудың салдарынан жаяу жүргіншілер өткелінде 64 жастағы зейнеткерді басып кетті. Зейнеткер алған жарақаттарынан ауруханада жан тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив