KZ
Өскемен
+28°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы бірқатар мектептердің оқушыларымен кездесті (+сурет)

3.05.2013, 18:00 71


Республикалық «Жасөспірім» акциясы мен салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында есірткіге қарсылықты қалыптастыру мақсатында ШҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы бірқатар мектептердің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы бірқатар мектептердің оқушыларымен кездесті (+сурет)Өскемендегі Әуезов атындағы №17 және №3 орта мектептерінде өткен шара барысында басқарманың аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ж.Уәлиева оқушыларға басқарманың тапсырысымен түсірілген деректі фильмді көрсетіп, оларға нашақорлықтың денсаулыққа тигізер кері әсерлері мен есірткі заттарына қатысты қылмыстар үшін қолданылатын жаза түрлері туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар балалар өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде хабарлағандай, кеш аталмыш мектептердің полиция инспекторлары, полиция лейтенаты С.Құрмышева мен А.Кіжікованың бастамасымен өтті.

ШҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы бірқатар мектептердің оқушыларымен кездесті (+сурет)Сабақ соңында жас өспірімдерге «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» жорналдары мен ШҚО ІІД есірткімен күрес басқармасының сенім телефондары жазылған кілт ілгіштер таратылды. Оқушылар осы телефон арқылы жасөспірімдер арасында есірткі заттарын тарату фактілері жайлы хабарлай алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив