KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ардагерлер онлайн режимінде түгенделеді

1.05.2013, 18:00 154


А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада 3-мамырда сағат 11.00-де ардагерлер онлайн режимінде дауыстап түгенделеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бейнеконференцияға Өскемен қаласы, Жарма, Ұлан аудандарынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен ауған соғысының ардагерлері қатысады. «Ардагерлер тікелей байланыста өздерінің әскери жолдастарымен қауышып, оларды мерекелерімен құттықтай алады, қонақтармен әңгіме-дүкен құрады», - деп түсіндірді жобаның үйлестірушісі М.Максимова.

Майдангерлермен кездесуге сонымен қатар №35 мектептің кадет курсанттары шақырылған. Жасөспірімдер соғыс деген тажалдың қандай болғанын, кеңес жауынгерлерінің қандай жанкештілікпен соғысқандарын, майданға тылдың көрсеткен көмегін, бүгінгі қариялардың соғыс кезінде балалық шақтарының қалай өткенін соғыс ардагерлердің өз аузынан естиді.

Онлайн режимінде түгендеу – ұрпақтар сабақтастығының көрінісі, өткен мен бүгінгіні жалғап тұрған көзге көрінбейтін жіп іспетті. Себебі тарихтың негізі болып қаланған оқиғалар ұрпақтардың есінде мәңгі қалады.

Біз өзіміздің батырларымызды әрқашан есте ұстап, олардың ерліктерін мақтан тұтамыз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив