KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Өскеменнің іргесіндегі шағын аудандардың қордаланған мәселелері шешілетін болды

22.04.2013, 18:00 142


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала іргесіндегі 22-ші және 23-ші шағын аудандар тұрғындарының мұңдарына құлақ салып, кемшіліктерді жою жөнінде қалалық ТҮКШ бөліміне тапсырма берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала іргесіндегі 22-ші және 23-ші шағын аудандарда көше жарығы, канализация, асфальт сияқты қордаланып қалған мәселелер бар екен. Тұрғындардың айтуынша, 22-шағын ауданда көктем және күз мезгілдерінде көшеде жүру мүмкін емес.

Лай батпақтың салдарынан жолда көліктер батып жатады. Қаланың іргесінде орналасса да шағын ауданның ішінен береке кеткен. Балалар ойнайтын алаңқайды қоқыс басқан. Тұрғындардың уәжін тыңдап болған соң аймақ басшысы жергілікті басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

"Шағын ауданда шешілмей жатқан мәселе жетерлік, канализация, жол мәселесін шешуіміз керек, бұған қалалық ТҮКШ бөлімі күш салуы тиіс. Тұрғындар да сенбіліктерге шығып, аулалары мен көшелерін тазалап,
ретке келтіруі керек", – деді облыс әкімі.

Дарын Нұрсапаров

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив