KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанның орталығында діни ағымдардан зардап шеккендерге қолдау көрсететін бірыңғай call-орталық ашылды

22.04.2013, 18:00 254


Шығыс Қазақстанның орталығында келеңсіз діни ағымдардан зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі бірыңғай call-орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тұрғындарға діни ағымдардың мәнісін түсіндіру және әртүрлі секталардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа «Бірлік» қоғамдық бірлестігі ие болды.

Өскемен қаласының белсендісі Сергей Лебедевтің бастамасымен осыдан бес жыл бұрын құрылған қоғамдық ұйым халық арасында діни экстремизмнің алдын алумен белсенді айналысып жүр. Діни ағымдардан жапа шеккен кез келген адам орталықтың қолдауына ие бола алады.

С.Лебедевтің сөзіне қарағанда, қоғамдық бірлестіктің бес жыл бойы жүргізген жұмыстары зая кетпеген сияқты. Бірлестіктің жүргізген ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижесінде адамдар бұрынғыдай дін тақырыбындағы әртүрлі тренингілер мен семинарларға көзсіз бара бермейтін болыпты. Орталыққа келіп шағымданған азаматтардың өтініші бойынша құқық қорғау ұйымдары шетелдік миссионерлердің жолын кесіп, сот шешімімен оларды елімізден шығаруға дейін барған, заңсыз миссионерлік қызмет көрсеткендерге айыппұл төлеткен.

Сall-орталыққа Қазақстанның кез келген жерінен 8-800-080-26-17 телефоны арқылы тегін хабарласуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив