KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ауданның 85-жылдығына арналған шаралар әлі де жетерлік

18.04.2013, 18:00 170


«Ғасырларға сапар шеккен кітап әлемі» атты шаралар топтамасында Ұлан ауданының 85-жылдығына арналған тарихи керуен шеруі Таврия ауылында жалғасты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен өткен кеште оқырмандар назарына «Қасым Қайсенов – ерліктің ерен тұлғасы» атты электрондық шолу мен «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тарихи панорама көрсетілді. Жасөспірімдер білімдерін интеллектуалдық сайыста сараптады.

Мәдени отырыс қорытындысында тавриялық оқушылар Ж.Сексембаева, А.Ақтанова, Ю.Рыжакин және А.Топаева «Ең үздік оқырман» аталымының жеңімпаздары атанды.

Шараға қатысқан облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі А.Лысенко әдемі өткен кеш ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив