KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Тарбағатайлық оқушы" Үздік Ахметтанушы" атанды

4.02.2013, 18:00 156


Ақжар ауылдық кітапханасында қазақтың Әліпбиінің атасы А.Байтұрсыновтың 140 жылдығына орай М.Әуезов орта мектебі мен Қ.Билялов атындағы гимназия оқушылары арасында «Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кеш барысында рухани көсемнің өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты өткізілген «Байтұрсынов әлемі» атты білгірлер бәсекесінде оқушылар өз білімдерін тексерді.

Жиналғандарға жазушының өмірбаяны туралы слайд-шоу көрсетіліп, оның шығармаларынан тұратын «Байтұрсынұлы мұралары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кеш соңында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын көп білетін Е.Болатханов «Үздік Ахметтанушы» мадақтау қағазымен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив