KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,9 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Робот-хирургтер көмекке асығады

18.04.2013, 18:00 213


Денсаулық сақтау министрлігі хирург дәрігерлерге ота жасау кезінде көмек беретін роботтарды сатып алмақшы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы Қанат Ермекбаев Алматыда өткен IV Қазақстан хирургтерінің конгресінде мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Хирургия саласында таптырмас көмекші болған роботтар жайында пресс-конференция қонағы израильдік хирург Александр Беленький баяндап берді.

"Роботтардың көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Робот дәрігерсіз жұмыс істемейді, біреу робот үшін шешім қабылдауы қажет. Мұндай роботтың бағасы 4 млн. долларды құрайды", – деді Беленький.

«Да Винчи» робот-хирургтері бірқатар елдерде кеңінен қолданылып келеді. Робот-хирургтің өзі басқаратын арнайы манипулятормен жабдықталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив