KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Араб тілінде сөйлейтін тұңғыш робот

22.02.2012, 18:00 133


Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әл-Айне университетінің қызметкерлері арабша сөйлейтін тұңғыш робот жасап шығарды.
Гуманоидқа XI ғасырда өмір сүрген, Еуропада Авиценна деген атпен кең танылған ғалымның және пәлсапашының құрметіне орай Ибн Сина деген есім берілді. Жасаушылар роботтың иығына алтын жіппен көмкерілген ақ шапан жапты, сонымен қатар, өзінің «прототипіне» барынша ұқсас болуы үшін оған ұзын аппақ сақал жапсырып қойды.

Таяу арада мұндай роботтарды жаппай шығару жоспарлануда. Олар сауда орталықтарында көмекші жұмыс істей алады, сатушы болып, сондай-ақ ақпарат тарататын орындарда белгілі бір операцияларды орындауға қабілетті. Ибн Сина Әл-Айнеде бір күн молда болып та «жұмыс істеді».




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив