KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Семейде «Халықтық IPO» бағдарламасының қыр-сыры түсіндірілді

17.04.2013, 18:00 182


Семейге «Халықтық ІРО» бағдарламасын бұқараға түсіндіру үшін құрылған ақпараттық-насихат тобы арнайы келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкісаясат бөлімінің ақпараттық секторының мәліметіне жүгініп.

Топ құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық-сараптама департаментінің аға сарапшысы Ерлан Қылбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бас сарапшысы Маржан Серікбаева болды.

Қалалық әкімдікке жиылған активке қатысушылармен кездескен топ ұлттық маңызы бар бағдарламаға қатысудың шарты мен тәртібін түсіндірді. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Қалтасында қаражаты бар әрбір азамат Қазақстанның ірі компанияларының үлескері болуға құқылы. Сол арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыру көзделген.

Ақпараттық-насихат тобының мүшесі Маржан Серікбаева атап өткендей, «Халықтық IPO» бағдарламасын елімізде жүргізудің негізгі мақсаты – халыққа еліміздегі ірі компаниялардың акцияларын иеленуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Қазақстан азаматтары еліміздің дамуы үшін стратегиялық маңызды алдыңғы қатарлы экономика салаларында өз қызметтерін жүзеге асыратын ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, осы компанияның жылдық табысы бойынша алынған кірісінен дивидендтер түрінде немесе акция құнының өсуінен табыс ала алады. Бұл өз кезегінде азаматтарға өздерінің жинақтауларын, инвестицияларын инвестициялауға немесе көбейтуге, ал компанияларға осы «Халықтық IPO» бағарламасы шеңберінде тартылған қаражаттар есебінде өздерінің қызметтерін одан ары дамытуға мүмкіндік туғызады.

«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруда мемлекетіміздің тағы да бір маңызды міндеттері - халықты қазақстандық қор нарығына мейлінше тарту арқылы Қазақстандық қор нарығын дамыту, халықтың инвестициялық-қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады. «Халықтық IPO» бағдарламасы Қазақстанда 2012 жылдан бастап 2015 жылдарға дейінгі кезеңде бағдарланған. Компанияларды таңдау барысында оларға корпоративтік басқару, қызметінің ашықтығы, активтерінің өсуі, сондай-ақ өсу перспективалары жөнінен кең талдау жасалып, оларға жоғары талаптар қойылған болатын.

Сонымен қатар, қатысушыларға қор нарығы, инвестициялаудың пайдасы, сондай-ақ, инвестор ретінде қаражатты құнды қағазға салып, пайда табудың жолдары жіліктеп айтылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив