KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 7 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Ірі компаниялар акциясын қалай сатып алуға болады?

13.05.2012, 18:00 184


«Халық ІРО» бағдарламасының қыр-сырын халыққа жеткізетін дәріскерлер тобын дайындау мақсатында Өскеменде өткен семинар-тренингте «Самұрық–Қазына» қорының өкілі Марина Мальцева компаниялар акциясын сатып алуға байланысты сауалдарға жауап беріп, бағдарламаның мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Президенттің халықтың қаржылық-инвестициялық сауаттылық деңгейін арттырып, олардың бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерге қаты-суына ықпал ету туралы Үкіметке берген тапсырмасына орай елімізде «Халық ІРО» бағдарламасы жасалып отыр.

Еліміздің Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Самұрық–Қазына» қо-рымен бірлесіп әзірлеген «Халық ІРО» бағ-дарламасы «Самұрық–Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын биржаға шығару арқылы Қазақстан азаматтарына саудалауға бағыттал-ған. Ағылшын тілінен аударғанда «ІРО: InitialPublicOffering» – қандай да бір мем-лекеттік компанияның өз акцияларын алғаш рет сатуға ұсынуы деген сөздердің қысқартуынан алынған.

Акцияны қалай сатып алуға болады? Облыс тұрғындары бағдарламаға қатысу үшін қайда барулары керек? «Халық ІРО» бағдарламасының қыр-сырын халыққа жеткізетін дәріскерлер тобын дайындау мақсатында Өскеменде өткен семинар-тренингте «Самұрық–Қазына» қорының өкілі Марина Мальцева акция сатып алуға байланысты осы және өзге де сауалдарға жауап беріп, бағдарламаның мақсатын түсіндірді. Екі күндік оқыту сабағына Семей мен Өскеменнен, аудандардан барлығы 42 адам қатысып, осы бағдарламаның дәріскері атанды. Енді олар халыққа бағдарламаны түсіндіріп, насихаттау шараларын жүргізбек.

Биыл «Самұрық–Қазына» АҚ «ҚазТранс Ойл» компаниясының акциялары саудаға шығарылмақ. Алдағы төрт жыл ішінде бағдарламаға мемлекеттің ең бай делініп отырған 10 компаниясы қатысып, олардың акциясын 160 мыңнан астам адам сатып алатыны болжанып отыр.

Бүгінгі уақыт көрсетіп отырғандай, қазақстандықтар қор нарығындағы бағалы қағаздарды инвестициялау мүмкіндігіне, яғни, оларды сатып алып, дивиденд алуға, қайта сатып, одан пайда түсіруге немқұрайлы болып отыр. Әрі кетсе, қаражаттарын банктегі депозиттерге салады, көлік немесе пәтер сатып алады. Одан қалса, артылған ақшаны көрпенің астына салып қойып, қанағат тұтады.

– Әрине, акцияларды сатып алу жедел пайда әкелмеуі де мүмкін. Кез келген қаржы нарығы, оның ішінде қор нарығы бір орында тұра бермейтіні анық. Сондықтан акциялардың құны өсіп қана қоймай, төмендеуі де мүмкін. Қай кезде де акцияны сатып алушы тұлға тәуекелге барады. Бірақ дәл қазіргі бағдарлама бойынша халыққа ұдайы даму үстінде келе жатқан, оң қаржы нәтижелерін көрсетіп отырған компаниялар мен кәсіпорындардың акциялары ұсынылмақ. Сондықтан бағдарлама халықтың табысқа қол жеткізіп, ел экономикасының дамуына атсалысуына шынайы мүмкіндік туғызуды көздейді, – дейді «Самұрық–Қазына» АҚ ұлттық компаниясының өкілі М.Мальцева.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив