KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Семейде салауаттылық-басты бағыт

4.12.2012, 18:00 177


Семейде тұрғындар арасында шылым шегудің зияндығын насихаттаған онкүндік өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Оның барысында «Семей», «Аң терісі-мех», «Радиотехника мен байланыс» колледждерінде темекі шегудің алдын алу жөнінде семинар-тренингтері жүріп, бейнероликтер мен ақпараттық білімдендіру материалдары таратылды.

Бұл шараға студенттер мен жастар қатыстырылды.Радиотехника мен байланыс колледжіне БАҚ өкілдері шақырылып, арнайы маман А. Оспанова сұхбат берді.

Салауатты өмір салтын қорғау орталығының мамандары мектептермен үнемі де тығыз байланыс орнатып келеді.Шылым шегу және салауатты өмір салтын қалыптастастыру онкүндігі бойынша «Шылым шегу» сауалнамасы жүргізілген екен. Нәтижесінде 15 жастан 60 жасқа дейін тұрғындардың 67% шылым шегетіндігі анықталған. Олардың ішінде 22 пайызы шылымды тастағысы келеді екен. Сол сияқты «Жас қанат» жастар орталығы СӨСҚО орталығымен бірлесіп «Біз денсаулықты қалаймыз» ұранымен жеті аула клубының қатысуымен байқау өткізді. Әрбір клуб өздерінің көріністерін ортаға салып, салауатты өмір салтын қалай ұстанатындықдары туралы айтып берді. Әділқазылар жоғары бағаландар арнайы марапатқа ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив