KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері талқыланған семинар-тренинг

16.04.2013, 18:00 264


. С. Пушкин атындағы кітапхананың Америка мәдени орталығында қала мектептеріндегі ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қазақстан-американдық семинар тренинг өтті. Бұл кездесу «Teachers for Global Classrooms Program» – «Учитель международной школы» халықаралық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері талқыланған семинар-тренингБағдарламаның негізгі мақсаты - әлемнің әр түрлі елдеріндегі мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру әрі әлемдегі барлық білім беретін мектептер арасында байланыс орнату. Биылғы жылы осы халықаралық бағдарлама аясында Қазақстанға Америкадан келген 10 мұғалімнің екеуі ( Вирджиния/Virginia және Айдахо/Idaho штаттарынан) іссапармен Өскеменге келді.

Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері талқыланған семинар-тренингСеминар қарсаңында № 10 мектеп -гимназиясында арнайы бағдарлама өткен болатын. Қонақтар гимназияда сабақтарға қатысып, оқушыларға дәріс жүргізді. Бағдарламаның жалғасы ретінде кездесулер, экскурсия мен пікір таластар өтті. Кітапханада өткен «Формирование функциональной грамотности на уроках английского языка» атты семинар американдық педагогтардың қорытынды кездесуі.

"Басқосуда қазақстан-американдық педагогтар өткен іс-шараларды қорытындылай келе шет тілдерін оқытудағы ең тиімді әдістерді анықтады. Осындай жұмыстар еліміздің басқа аймақтарында да өтуде, олардың қорытындылары Астана мен Вашингтонда өткен конференцияларда белгілі болады. Жуық арада әлемдегі педагогтар қауымы шет тілдерін оқытудың жаңа әдістемесі, жаңа бағдарламасымен танысады" дейді бағдарламаның үйлестірушісі З.Кәрімова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив