KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

«Ағаш отырғыз» SMS-жобасына қатысушылар елімізді көгалдандырып жатыр

16.04.2013, 18:00 138


КаР-Тел" ЖШС (Beeline бренді) PosadiDerevo.kz республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге кезекті ағаш отырғызу экологиялық науқанын ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Ағаш отырғыз» SMS-жобасы 2011 жылғы жазда басталған болатын. Жиналған қаржыға осы уақытқа дейін республика көлемінде бес ағаш отырғызу науқаны өтті, оның ең алғашқысы 2011 жылы қазанда Алматы қаласында ұйымдастырылды. Биылғы науқан аясында Қарағанды қаласындағы Жеңіс саябағында 50-ден астам терек, бадам, шетен және қайың көшеттері отырғызылды.

Көшет отырғызбас бұрын саябақтың аумағы тазаланып, қатысушыларға Beeline-ның сыйлықтары табысталды. Ағаш отырғызуға 100-ден астам еріктілер және жастар ұйымының белсенділері, қала тұрғындары қатысты. «Ағаш отырғыз» SMS-жобасына қатысқан қарағандылық Beeline абоненттері де науқанға қатысып, өз ағаштарын отырғызу мүмкіндігіне ие болды.

«PosadiDerevo.kz РҚБ экологиялық бастамасына Beeline үш жыл бойы белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. Біз өз қалаларымызды көгалдандырып қана қоймай еліміздің экологиясына үлес қосуға ниет білдірген барлық жанға тамаша мүмкіндік беріп отырмыз. Бүгінгі күнге дейін «Ағаш отырғыз!» SMS-жобасына 13 500-ден астам хабарлама келді, жоба аясында көптеген қатысушылар жеке өз ағаштарын отырғызу мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті «КаР-Тел» ЖШС PR менеджері Анар Жұмағұлова.

«Осы жылы PosadiDerevo.kz республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесіне ие болды және біз биыл Қарағанды қаласында өз бөлімшемізді аштық. Міне осы жолмен біздің бірлескен бастамамыз ұлттық деңгейге айналуда. Әрбір жаңа науқан өткен сайын қатысушылар саны артуда, өз жобамыздың жемісін көру біз үшін үлкен қуаныш. Beeline бізге техникалық қолдау көрсетуімен қатар: компанияның қызметкерлері ағаш отырғызу шарасына белсене атсалысуда және бұл үрдіс тамаша дәстүрге айналып келеді», - дейді PosadiDerevo.kz Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Жолдасбаев өз пікірін білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив