KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қазақстан байланыс операторы арқылы абоненттер қалалардың көгалдандыруға өз үлесін қосуда

7.02.2012, 18:00 155


Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і мен «PosadiDerevo.kz» қоғамдық бірлестігі республикалық «СМС Ағаш» науқанының аралық нәтижесін хабарлады. Оған қазірдің өзінде байланыс операторының абоненттерінен 111 қысқа нөмірі арқылы 2011 жылдың маусымынан бері 5 мыңнан астам СМС хабарлама келіп түскен.

Жоба ең бірінші Алматыда жүзеге асып отыр. Науқан аясында қаладағы алғашқы аллея 2011 жылғы қазан айында бой көтерген еді. Онда Тимирязев пен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы саябаққа жұмсалған барлық қаражатты Beeline абоненттері жинады.

«Басында біз тамыры ашық көшеттерді сатып аламыз деп ойлағанбыз. Олардың бағасы - 500-1000 теңге аралығында. Бірақ қалалық әкімшіліктің жобасымен біз 3 метрлік 40 емен ағашын отырғыздық. Оның біреуінің бағасы көшеттікте - 5 мың теңге, ал жеткізгенде 30 мың теңгеге шықты. Жалпы бюджеті 230 мың теңгені құраған бұл аллея еріктілер мен Beeline абоненттерінің күшімен отырғызылды»,- дейді PosadiDerevo.kz қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Жолдасбаев. «КаР-Тел» ЖШС-ның PR менеджері Анар Жұмағұлованың айтуынша, тамыры жалаңаш көшеттер енді сәуір айында Алматы қаласының төменгі бөлігіндегі аудандардың бірінде отырғызылады. Онда 2 жүзден астам терек, қара ағаш және үйеңкі де болады деп жоспарлануда. Оны отырғызуға әрқайсысы 5-тен астам СМС хабарлама жіберіп, бір көшеттің құнын төлеген барлық Beeline абоненттері шақырылады. Науқан қорытындысы бойынша СМС-жобаның «Топ-10» ең белсенді қатысушыларының қатарына кіргендер сыйлықтармен марапатталады. СМС арқылы жиналған қалған қаражат басқа қалаларды көгалдандыруға жұмсалады. Тізім бойынша келесі кезекте - Қарағанды мен Астана тұр.

Жалпы бұл науқанға қатысу үшін әрбір азамат 111 нөміріне құны 100 теңге болатын бос СМС жіберуіне болады. Ал нақты нөмірден жіберілген әрбір СМС туралы деректер (нөмірдің соңғы төрт саны көрсетіледі) PosadiDerevo.kz сайтында жарияланады. Науқанға сондай-ақ, PosadiDerevo.kz сайтына тіркелген кезде келген бірегей кодты СМС-хабрламамен жіберу арқылы да қатысуға болады. «Жеке кабинеттен» жіберілген СМС-тің санына байланысты олар көшеттің «биіктігін» қадағалап отыруына мүмкіндігі бар.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив