KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Шығыс Қазақстан облысы орталығында жылу беру маусымы аяқталды

15.04.2013, 18:00 147


Өскеменде жылу беру маусымы толығымен аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кеше Согра жылуэлектр стансасы Жаңа Согра, Радужный және Солнечный кенттерін жылу жүйесінен ағытты. Өскемен жылу электр стансасы жылумен қамтамасыз етуді өткен аптада тоқтатқан болатын.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері күн райы бұзылып, ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. Осыған орай, бала бақшаларға, мектептерге, интернаттарға және басқа да әлеуметтік нысандарға өтініш беру арқылы жылу жүйесін аз температурада пайдалануға рұхсат етіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив