KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Семей гарнизоны жас сарбаздарды құрметпен қарсы алды

15.04.2013, 18:00 207


Семей гарнизонының ракета әскери бөлімшесінде еліміздің оңтүстік өңірлерінен әскери борыштарын өтеу үшін келген бозбалаларды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жас сарбаздарға әскери қызметті өтеудің маңыздылығы айтылып, жауынгерлік өмірдің ішкі тәртібі мен алдыңғы мақсаттарымен таныстырылды.

Әскери бөлімшенің клубында бөлімше командирі жауынгерлерге әскери құрылымның тарихы мен әскери тапсырмалар жайында әңгімеледі. Қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары жастарға шаһардың тарихы мен көрікті жерлері туралы мағлұмат беріп, әскери борыштарын абыроймен атқаруға тілектестік білдірді.

Кеш соңында жаңадан келген сарбаздардың құрметіне әскери бөлімшенің көркемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив