KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Шығыста еліміз бен шетелдің жас ғалымдары бас қосты

12.04.2013, 18:00 197


Семейде өткен студенттік ғылыми-әдістемелік конференция еліміз бен шетелдің жас ғалымдарының басын қосты. Биылғы конференция жаратылыстану және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар бағытына арналды , деп хабарлайды Altaynews.kz.

ІХ студенттік ғылыми-әдістемелік конференцияға 800-дей баяндамалар келіп түсті. Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті және Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттарының баяндамалары бар. Сонымен қатар, институттың Ресей еліндегі серіктес жоғары оқу орындары: Челябинск мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы, Жаңасібір мемлекеттік педагогикалық университеті, Жаңасібір мемлекеттік техникалық университеті, Таулы Алтай мемлекеттік университетінің ғылым қуған жастары да қатысуға ынта білдірді. Еске сала кетсек, былтырғы жылы 650 баяндама жиналған болатын, бұл дегеніміз жастардың ғылымға денген қызығушылықтарының артқанын көрсетеді.

«Елімізде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе жас буын арасында ізденушілік пен танымдық қызығушылықтары артып келе жатқандығы қуантады. Дарынды да зерек жастардың шығармашылығына қолдау көрсетуде Тұңғыш Президент қорының орны ерекше. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына сайыстар өткізіп отырады»,- деді институт ректоры, профессор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемесов жастарға.

СМПИ жас ғалымдары өткен 2012 жылы телегей табыстарға қол жеткізді. Дәлірек айтсақ, студенттеріміздің 419 ғылыми мақалалары мен баяндамалары жарияланыпты. Сонымен қатар, 50 студент ең үздік ғылыми баяндамалары үшін дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

ІХ Студенттік ғылыми-әдістемелік конференцияның пленарлық отырысы мен 30 секцияның жұмыстарында Қазақстан мен Ресей елінің жас ғалымдары ғылым дамуының басым бағыттарына арналған баяндамаларын оқып, талқыға салды. Конференция соңында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үлкен жетістікке жеткен және ең үздік баяндама оқыған жас ғалымдар І, ІІ, ІІІ дәрежедегі диплом, мақтау қағаз және алғыс хаттармен марапатталды.

Конференция аясында «Студенттік ғылымды жандандыру механизмі: проблемалары, келешегі, шешу жолдары» атты дөңгелек үстел мен «Көшбасшы мектебі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Конференция барысында СМПИ студенттерінің ғылыми және шығармашылық жетістіктеріне арналған көрменің ашылуы салтанаты өтті. Екі күнге созылған конференцияның соңы Студенттік филармонияның дарынды жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Анар Қуанғалиева

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив