KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Пушкинтану тақырыбына арналған әдеби кездесу өтті

9.04.2013, 18:00 219


А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада пушкинтану тақырыбына арналған әдеби кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Пушкиннің дәйексөздері мен хаттарынан үзінділер, жерлес зерттеушілер еңбектерінен алынған қызықты дәлелдер жиналғандарға суретші, тарихшы әрі зерттеуші Пушкиннің көрген, жазған-білгендерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Пушкинтану тақырыбына арналған әдеби кездесу өтті
Биылғы жылы Александр Сергеевичтің қазақ жеріне жасаған саяхатына 180 жыл толып отыр. Кеш Пушкин шығармашылығын зерттеуден басталып, бірте-бірте мерекеге ұласты.

Александр Сергеевич тек әдебиеттанушы ғана емес, сатирик те болған. Ол қалжыңшылдығымен де танылған. Ұйымдастырушылар әзірленген әзіл-сықақты тамашалаған қауым әзілқой Пушкиннің өзімен кездескендей әсер алды.

Кітапханада ұйымдастырылған орыс тілін оқыту әдістемесіне арналған әдебиеттер және «Кітапханалық Пушкинтану» көрмелері қызықты идея мен креативті шешімдерге толы болды. Мұнда құнды басылымдар мен жаңа кітаптар, қызықты журналистикалық әрі әдеби зерттеу мақалалары қойылды.

Соның ішінде, Сауытбек Абдрахмановтың “Коран и Пушкин” атты ерекше зерттеуін атап айтуға болады. Автор А.С.Пушкиннің қазақ даласында туған өлеңмен жазылған романдарының жаңа нұсқаларын әңгімелейді.

«Кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған кездесуден орыс тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары өздерін қызықтыратын тың әдістерді игерді деп ойлаймыз. Олар сабақтарында орыс тілін жеңіл үйрету мақсатында Пушкин есімін жиі қайталар деп сенеміз» дейді шараның үйлестірушісі Яна Абдеева.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив