KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 9 м/с, ОБ
485.11 523.82 5.02

Өскемен қаласында қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу туралы Шешімге қол қойылды

6.04.2013, 18:00 109


Өскемен қаласында қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу туралы Шешімге қол қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зауыт 2014 жылдың тамызында пайдалануға беріледі.

«Зауыт Лесной кентінің полигонындағы 4 гектар жерге салынады. Кәсіпорынға салынған инвестицияның жалпы сомасы 50 миллион еуроны құрайды. Қазіргі уақытта құрылысқа жер беру жұмыстары аяқталды», - деді қала әкімінің орынбасары Оксана Желякова. Учаскені сумен, жылу, электрэнергиясы, канализациямен қаматамасыз ету және қалдықтарды сақтау мәселелері шешілді.

Алдын ала есептеулер бойынша зауыттың қуаты жылына 100 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге жетеді.
Кездесу барысында нысанды қабылдау кезінде қатаң талаптар қойылатыны атап өтілді. Қала басшыларының пікірінше, сөз тек шаһар үшін өте маңызды кәсіпорында ғана емес, сонымен қатар Лесной кенті тұрғындарына, жалпы қала маңында экологиялық тепе-теңдікті сақтауда екен.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив