«Қазтұтынубақылау» АҚ жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті өкілдері жүргізген онлайн-сауалнаманың нәтижесіне сенсек, жыл сайын елімізде балаларын мектепке дейінгі мекемелерге беру үшін ата-аналар шамамен 1,5 миллиард теңгедей пара береді екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Республика бойынша балабақша басшылығына ұсынылатын параның орташа мөлшері 33 мың теңгенің төңірегінде болса, ең төменгісі 5 мың, ал ең жоғарғысы 200 мың теңгеге дейін жеткен.
Сауалнамаға қатысушылардың жартысына жуығы балаларын балабақшаға уақытынан бұрын орналастыру үшін тиісті адамдардың бопсалауына ұшырағандарын, сондай-ақ, өздері пара ұсынғандарын айтқан. Оның ішінде респонденттердің 13,2 пайызын ашық түрде бопсалапты.
Бір көңіл аударатын жайт, елі-міздегі ең көп мөлшерде пара беру дерегі Батыс Қазақстан облысында (орташа 140 мың теңге) тіркелсе, ең төменгісі Шығыс Қазақстанда (6667 теңге) анықталған.