KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Үржарда жаңа жылдан бері еңбекақы алмаған жұмысшылар ШҚО әкімінен көмек сұрады

2.04.2013, 18:00 94


Үржар ауданындағы Лайбұлақ ауылында жаңа жылдан бері еңбекақы алмаған жұмысшылар облыс әкімінен көмек сұрады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауылдағыдағы жаңадан салынып жатқан 80 орындық мектеп құрылысының тек бірінші қабаты ғана бітіп, тоқтап қалған. Жауапты мердігер «Топи проект» ЖШС-нің жетекшісі Ж.Маңдайбаев жұмысшыларға жарытып еңбекақы да бермеген. Қарыз миллион теңгеге жуықтаған.

Мердігердің үстінен жауапсыздығы үшін қылмыстық іс қозғалған болып шықты.

Алайда бұдан жыл басынан жалақыларын алмаған жұмысшыларға келер пайда жоқ. Сол себепті алданған ауылдықтар Б.Сапарбаевтан мәселені тездетіп шешіп беруді өтінді.

Жоспар бойынша мектеп 2012 жылдың наурыз айында қолданысқа берілуі керек болатын. Ал ауыл балалары болса жауапсыз мердігердің кесірінен әлі күнге дейін апатты ескі мектепте оқуға мәжбүр.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив