KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Күршімдік диқандар көктемгі егіс жұмыстарына дайын

2.04.2013, 18:00 88


Күршім ауданында көктемгі егісті өткізуге қажетті техникалар 100 пайыз жөндеуден өткен, қолда бар техника науқанды уақытында өткізуге толық жетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде Күршім аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде хабарлады.

Аудан диқандары көктемгі егіс жұмыста-рын 25 мамырға дейін аяқтап шығуды межелеп отыр. Бұл жоспардың үдесінен шығу үшін ауданға 784 тонна тұқым қажет. Бүгінге дейін даярланған тұқым мөлшері 539 тоннаны құрап отыр. Қалған қажетті тұқымды сатып алу керек. Қолда барының сапасы тексеріліп, 373 тонна тұқым 2-класты, 130 тоннасы 3-класты деп бағаланып отыр. Тұқымның жалпы шығымдылығы – 100 пайыз.

Сондай-ақ, бұл науқанға 284 тонна дизель отыны, 71 тонна бензин және 14 тонна дизель майы қажет. Тауар өндірушілерге қажетті дизель отыны, гербицидтер, тұқым бойынша ақпараттар жинақталып, оларды сатып алуға болатын шаруашылықтар туралы мәліметтер берілуде.

Биылғы көктемгі егіс жұмыстарын ұйымшылдықпен, сапалы әрі оңтайлы өткізу туралы үстіміздегі жылдың қаңтар айында аудан әкімдігінде мәселе қаралып, бөлімдер басшыларына, ауылдық округтер әкімдеріне тиісінше тапсырмалар беріліп, қаулы қабылданған болатын. Бүгінде қанша жерге қандай дақыл егетіні жөнінде шаруа қожалықтарымен жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 27 гидротехникалық қондырғылар мен кәріздер бар. 2012 жылы облыстық «Шығыс су қоймалары» мекемесінің теңгеріміне 6 канал берілді. 2013-те 7 канал берілді, қалған 14 каналды өткізу бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр.

Хасен Зәкәрия

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив