KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Сапалы тұқым сеуіп жатыр

26.04.2012, 18:00 134


Тоң жібіп, топырақ қыза бастаған соң сәуірдің соңына қарай жаппай көктемгі дала жұмыстарына кіріскен диқандар биыл да мол өнімнен үмітті. Оған басқа да дайындықтармен бірге сапалы тұқымның жеткілікті болуы да септігін тигізбек.

Мәселен, биыл бірінші класты астық тұқымдарының сапасы өткен жылғы 19 пайыздың орнына 31 пайызға, екінші класты тұқымның сапасы 40 пайызға дейін артып, керісінше үшінші класты сапасыз тұқым 50-ден 29 пайызға дейін азайыпты. Оған қоса қажетті 96 мың тоннаның орнына 101 мың тонна дән дайындалыпты.
– Алдағы жылы үшінші класты тұқым себуді мүлде азайтып, болашақта оны мүл-дем екпейтіндей болуымыз керек, – дейді осы орайда аумақтық ауылшаруашылығы инс-
пекциясы астық және тұқым бөлімінің бастығы Анатолий Фролов. – Себебі, сапасыз тұқым егуге заң бойынша тыйым салынған.
Көктемгі егіс жұмыстарына жауапкер-шілікпен қараған Бородулиха ауданының диқандары алқаптарға 57 пайыз бірінші класты тұқым себетін болса, Глубокое мен Катонқарағай аудандарында да бұл көрсеткіш тиісінше 44 және 41 пайызға жетіп отыр екен. Ал Үржар, Зайсан аудандарында керісінше, ол небәрі екі пайыздан аспапты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив