KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Үлбі көпірінің астындағы жол уақытша жабылуы ықтимал

28.03.2013, 18:00 109


Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан салынған жол айырығы өзеннің суы шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда уақытша жабылмақ. Бүгінде мамандар судың деңгейін қалт жібермей қадағалауда , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Әзірге ауа райының салқындығы қардың қарқынды еруіне мүмкіндік бермей тұр. Соған орай Үлбі де қалыпты арнасымен ағуда. Алайда қыстай жауған қалың қарды, оған қоса сәуірдің ортасына қарай күннің күрт жылыну ықтималдығын ескерген мамандар тасқынның қаупі әлі сейілмегенін айтуда.

Мұндай жағдайда аталмыш көпірдің астындағы екі жол айырығында да көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив