KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«ЭКСПО–2017» көрмесіне арналған бейнемарафон

17.04.2013, 18:00 200


Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері технологиялық колледжде «ЭКСПО–2017» бағдарламасы аясында «Жасыл» болашақ энергиясы» тақырыбында «Ертеңгі күнге сеніммен» және «Саламатты қоғамға бір адым алға» әлеуметтік жобасының тұрақты әріптесі ретінде бірлесе отырып бейнемарафон өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде мәлім еткендей, шара барысында Бүкіләлемдік көрме жайында қызықты фактілер келтіріле отырып, маңызды оқиғалар және Халықаралық көрмелер бюросының жұмыстары жайында көптеген мәліметтер берілді. Қатысушылар назарына әр елде өткізілген Халықаралық көрмелердің бейнедеректері ұсынылды. Бейнемарафон барысында еліміздің жас және ең әдемі астанасы – Астана қаласының қазіргі және құрылғаннан кейінгі бес жылдан кейінгі жаңа келбеті туралы қатысушылардың назарына бейнефильм ұсынылды. Бұл Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін одан әрі арттырып, Астананың атағын тағы да төрткүл дүниеге паш ететін деректі фильм.
Сонымен қатар, жиналғандар ЭКСПО көрмелерінің тарихы туралы викторина сұрақтарына жауап берді.

Бейнемарафон «Жаңартылмалы энергия көздері» атты мерзімді басылымдардан ұйымдастырылған кең мазмұнды көрмені тамашалаумен жалғасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив