KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Невзоровтар отбасы мұражайында «Қазақ ұлттық қолөнерінің меркесі. Дәстүр мен жаңа заман» атты ұзақ мерзімді жоба басталды

27.03.2013, 18:00 146


Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы мұражайында «Қазақ ұлттық қолөнерінің меркесі. Дәстүр мен жаңа заман» атты көптен күткен ұзақ мерзімді жоба басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жобаның мақсаты — халық қолданбалы өнеріндегі ең жақсы нұсқалармен талғамды тәрбиелеу, қолданбалы өнер түрлеріне жаңаша көңіл бөлу, жақын ауылдар мен қала шеберлеріне қолдау көрсету. Бұл жоба бірнеше жылға созылып, мұражай бірқатар іс шаралар өткізуді жоспарлауда. Олар — қала шеберлерімен көрмелер, мастер-класстар өткізу, жақын қалалардың (Өскемен, Павлодар) шеберлері мен көрмелерін өзара алмастыру, дәстүрлі өнермен және hand-made бағытындағы атақты қазақстандық зергерлер мен қолөнер шеберлерін шақыру.

«Қазақ ұлттық қолөнерінің меркесі» Қалалық мәдениет сарайының халықтық ұжымы «Гүлсымбат» сәндік театрының қазақ ұлттық костюмдері дефилесімен ашылды. (жетекшісі Әсем Сәдуақасова) Келушілерді қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Берік Көпбаев және мұражай директоры Татьяна Стромская құттықтады. Жоба және оның даму келешегі жайлы мұражай директорының орынбасары және жоба кураторы Светлана Киляоглова айтып берді.

Мерекенің басты шарасы мұражай қорынан қазақ халық сәндік-қолданбалы өнерінің және қала шеберлерінің туындыларының көрмесі болды. Бұл көрме Қазақстанда ғасырлар бойы болған халықтық кәсіптер туралы мәліметтер бере алады.

Мерекелік бағдарламаны екі мастер-класстың жалғастырды. Көптеген келуші көрермендер шеберлердің ісін қызыға бақылап, тіпті өздері де киізден небір композициялар жасады. Киіз илеу мастер-классын Нүрзия Ташимова жүргізсе, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарды көркем суреттермен, ою-өрнектермен безендіру құпиясын Елена Го-Сун-Чин ашты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив