KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 3,9 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Семейдегі құс фабрикасының қуаты Қазақстанды толық қамтамасыз етуге жететін болады

26.03.2013, 18:00 96


Индустрияландыру картасының аясында Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасы «Семей құстың» негізінде құрылған «Восток-бройлер» ЖШС жұмыртқа өндіруден құс өсіруге мамандандырылып, ашылғаннан бері 700 тонна құс етін өндірді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биыл құс фабрикасында жаңадан қазіргі заман талабына сай қасапхана мен тоңазытқыштар қойылмақ. Барлық қуатына енген соң «Восток-бройлер» жылына 20 мың тонна құс етін өндірмек. Бұл Қазақстанды толық қамтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта кәсіпорын Ресей мен өзге елдерге экспортқа шықпақ. Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына келер жылы бірнеше ірі кәсіпорындар да қосылмақ. Оның ішінде «Прииртышская бройлер фабрикасы» ЖШС-ін жаңғырту бар. Бұл жерде де қасапхана мен тоңазытқыштар қойылмақ.

Семейдегі екі көкөніс өсіретін кәсіпорын «Приречное Агрофирмасы» мен «Мұз-дыбай-1» шаруа қожалығы өздерінің қоймаларын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұған дейін «Приречныйда» 8 мың тонна көкөніс, картоп сақтайтын қойма пайдалануға берілген еді.

Осы қойма тұрақтандыру қорының өнімін сапалы сақтауға мүмкіндік берді. Енді бұл жерде де тоңазытқыш қою қажет. Бұған Германиядан әріптестер де табылды. Ал «Мұздыбай-1» шаруа қожалығында 2013 жылы төрт мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы салынбақ. Құрылыс материалдары дайын, көктем шыға жұмыс басталады.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив