KZ
Өскемен
+7°
ясно Штиль
481.84 531.33 5.07

Облыстың қаржыгерлері төл мерекелерін атап өтті (+сурет)

9.06.2013, 18:00 314


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) қаржы полициясы органдарының құрылуының 19 жылдығына байланысты салтанатты мәжіліс өтті. Мерекеге қаржы полициясы органдарының ардагерлері, департаменттің жеке құрамы шақырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мерекелік жиынды департамент бастығы қаржы полициясының полковнигі Бәделхан Камалханұлы ашып, жеке құрам мен шақырылған қонақтарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Шығыс Қазақстан облысының қаржы полициясы органдарының бастауында тұрғандардың бірі, қаржы полициясының ардагері - Мұрат Мұқайұлы Мерекенов құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты мәжілісте Департаменттің жеке құрамы қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындағаны және қызметтік іс - әрекетте жоғары нәтижеге жеткендері үшін көтермелеу туралы мерекелік бұйрықпен танысты.
ҚР ЭСЖКА төрағасы Р.Түсіпбековтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының құрылғанының 19 жылдығын мерекелеуге байланысты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі медалімен аса маңзды істер жөніндегі аға инспектор С.Ерғалиев, «Қаржы полициясының үздігі» төс белгісімен ЭҚҚАБ бастығы Қ.Қабдуллин, қаржы полициясы органдарының Құрмет грамотасымен аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор Д.Әлімов, Департаменттің бас маманы-баспасөз хатшысы Л.Искакова марапатталды.

Облыстың қаржыгерлері төл мерекелерін атап өтті (+сурет)
Облыстың қаржыгерлері төл мерекелерін атап өтті (+сурет)
Облыстың қаржыгерлері төл мерекелерін атап өтті (+сурет)
Облыстың қаржыгерлері төл мерекелерін атап өтті (+сурет)

Сондай-ақ, жиын барысында қаржы полициясы органдарының 19 жылдығына орай Департамент қызметкерлері мен ардагерлерінің арасында өткізілген шағын футболдан өткен жарыстың қортындысы шығарылды.

Жарыстардың нәтижесі бойынша қосалқы қызметкерлердің құрама командасы бірінші орынға, тергеу басқармасының қызметкерлері екінші, ЭҚҚАБ қызметкерлерінің командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз командалар мен ерекше көзге түскен ойыншыларға департамент бастығы бағалы сыйлықтар, кубоктар және дипломдар табыс етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив