KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы 18 емдеу-сауықтыру мекемесіне санитарлық көліктердің кілтін тапсырды

20.03.2013, 18:00 133


Наурыз мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы 18 емдеу-сауықтыру мекемесіне санитарлық көліктердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы атап өткеніндей, соңғы 2 жылда облыста медицина саласына 37 көлік құралы сатып алынған. Қазір 18 көлік тапсырылды, енді екі айдан соң емдеу орындары тағы 14 көлікпен қаматамасыз етіледі. Республикалық бюджеттің есебінен 7 реанимобиль сатып алынады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы 18 емдеу-сауықтыру мекемесіне санитарлық көліктердің кілтін тапсырды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аймақтағы 18 емдеу-сауықтыру мекемесіне санитарлық көліктердің кілтін тапсырды
Дегенмен бұл көрсеткіш те қажеттілікті толық жаппайды екен. Облыстағы медицина көліктерінің жаңартылуы 40 пайызды ғана құрайды. Өңір басшысы бұл көрсеткішті соңғы 2 жылда 60-70 пайызға жеткіземіз деген пікірін білдірді.

«Бұл мәшинелер біздің аймақ үшін өте қажет. Техника тұрғындардың игілігіне жаратылса деймін. Бүгінгі шара шалғайдағы облыс халқы үшін Наурыз мерекесі қарсаңында тамаша сыйлық болды» деді Б.Сапарбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 18 санитарлық көлікті сатып алуға облыс қоржынынан 53 900,0 мың теңге бөлініпті.

2013 жылы республикалық қаржының есебінен жедел жәрдем қызметіне 7 реанимобиль сатып алуға 164 500,0 мың теңге, сонымен қатар жедел жәрдемнің желілік бригадаларына 5 техника алуға 95 000,0 мың теңге бөлінді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив