KZ
Өскемен
+2°
пасмурно Штиль
488.91 532.62 5

ШҚО-да алкоголизмнен емдеу орталықтарына адам сыймай жатыр

23.11.2018, 10:50 86


Ішімдікке сылқия тойып алып, тәртіп бұзған ШҚО тұрғындары айықтыру орталықтарына сыймай жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Соңғы он айда облыстың Семей, Өскемен, Риддер және Зырян қалаларындағы айықтыру орындарына 28 мың тұрғын жеткізілген, куәландыру амалдарынан соң олардың 15 мыңы үйлеріне қайтарылған. Департамент басшысы өңірде алкоголизмнен емдеу орталықтарында да орын тапшы екендігін атап өтті.


- Біз емдеу мекемесіне әдеттегіден екі-үш есе көп адам жібергіміз келеді. Алайда ондай мүмкіндік жоқ. Өңірде 270 орындық үш арнайы емдеу мекемесі бар. Жыл сайын сот шешімімен емдеу мекемесіне 900 адам жіберіледі. 200 қаулы орын тапшылығына байланысты орындалмай қалады,-дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив