KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Шығыс Қазақстан облысында құжаттарды үйден шықпай рәсімдеуге болады

19.03.2013, 18:00 194


Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын ауыл тұрғындары қажетті құжаттарды, анықтамаларды алу үшін енді облыс орталығына шабылмайды. Керісінше, халыққа қызмет көрсету орталығының жедел топ қызметкерлері шалғайдағы елді мекендерге өздері барады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ақпараттық орталығының деректеріне сүйеніп.

Шығыс Қазақстан облысында 16 жедел халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Орталықтың қызметкерлері облыс аумағындағы барлық аудандар мен Риддер қаласының тұрғындарына құжаттарды толтыру бойынша барлық мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» мекемесінің ШҚО бойынша филиалы директоры Асхат Шәкенов түсіндіргендей, жедел топтың мамандары негізінен қозғалыссыз мүлік туралы, сотталмағаны жайлы және басқа да анықтамаларды береді. Сонымен қатар қызметкерлер ауылдықтарға электронды үкіметтің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив