KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Шығыс Қазақстанның екі университетінде оқитын болашақ эколог мамандар үшін өндірістік іс-тәжірибеден өтетін кәсіпорындар табылмай тұр

12.03.2013, 18:00 241


Шығыс Қазақстанның екі университетінде оқитын болашақ эколог мамандар үшін өндірістік іс-тәжірибеден өтетін кәсіпорындар табылмай тұр. Жастар болса өңірдің экологиялық проблемаларымен айналысуға әзір, олардың өз жоба-жоспарлары, идеялары көп , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл проблема кеше өткен экология мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісінде тағы көтерілді.

Басты мәселе – Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерін қоршаған ортаны қорғау шараларына жұмылдыру, экологиялық іс-шараларға тарту. Жыл сайын осы екі оқу орны қырық шақты эколог маман шығарады екен. Оқытушылардың сөзіне қарағанда, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтетін жерлері жоқ. ШҚМТУ профессоры Айтқазы Адрышев пен ШҚМУ доценті Сара Бейсембаеваның айтуларынша, ірі өндіріс орындары студенттерге іс-тәжірибеден өтуге рұқсат бермей келеді.

Ал жастар болса өңірдің экологиялық проблемаларымен айналысуға әзір. Олардың өз жоба-жоспарлары, идеялары көп екен. Жоғары оқу орнының оқытушылары оларды іс-тәжірибеден өткізу қос тарапқа да пайдалы іс-шара болар еді дейді.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив