KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Аймақтағы мектеп оқушылары тегін жоғары әскери білім ала алады

10.03.2013, 18:00 139


Аймақтағы мектеп оқушылары үшін тегін жоғары әскери білім алу мүмкіндігі туып тұр. Қорғаныс министрлігі облыстың барлық қалалары мен аудандарында тиісті іріктеу жұмыстарын жүргізеді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оқуға қабылданған ұлдар еліміздің және Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алады. Қазақстанда бұлар – Алматыдағы құрлық әскерлерінің әскери институты, Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштерінің әскери институты болса, Ресейде – Санкт-Петербургтің, Краснодардың, Воронеждің әскери білім ошақтары. Аталған оқу орындарында 5 жыл бойы казармалық тәртіппен оқиды. Бес жыл көлемінде төленетін шәкіртақы мен бітіргеннен кейінгі берілетін лейтенант шені қоса бар.

Оқуға 17-21 жас аралығындағы ұлдар жіберіледі. Қабылдау уақыты алдағы 1-мамырға дейін. Өскемендіктер Протазанов көшесі 37а мекенжайына хабарласып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Ал Зырян, Риддер
немесе басқа да өңірлердегі үміттілер тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармада комиссиядан өтеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив