KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан бензин бағасын әлемдік нарықтардағы құнына орай көтерді

8.04.2012, 18:00 135


Қазақстан бензин бағасын әлемдік нарықтардағы құнына орай көтерді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев айтты.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, баға қалыптастырудағы негізгі көрсеткіш болып табылатын Brent мұнайының түрі бір барреліне 124 АҚШ долларынан асып түсті.

«Ешкім де өнімді өзіне шығынмен тасымалдамайды. Мұнай трейдерлері оны тиімділік деңгейіне қарай жеткізеді»,- деп атап өтті С. Мыңбаев. Оның айтуынша, бұл баға уақытша мерзімге бекітіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнай және газ министрлігі ұсынған түзетулерді ескере отырып, шекті бағаларды белгілеу үшін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығымен ағымдағы жылғы 6 сәуірден бастап мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сатудың шекті бағалары ҚҚС-ті ескере отырып, мынандай өлшемде белгіленді:

Шекті бағалар:

Дизель отыны - литрі 95 теңге;

Аи-80 - литрі 91 теңге;

Аи -92 - литрі 112 теңге;

Бұл бұйрық Мұнай және газ министрлігімен, Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілген, деп хабарлайды ҚР Табиғи монополияны реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

http://www.inform.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив